2015 жылғы 30 наурыз, Астана қаласы
Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидасы бекітілсін.
2. Келесілердің:
1) «Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 124 бұйрығының (2010 жылғы 6 мамырда Нормативтiк құқықтық кесімдердi мемлекеттiк тіркеудің тізіліміне №6210 болып енгізілген, «Казахстанская правда» газетінде 11.11.2010 ж. №303-305 (26364-26366) жарияланған));
2) «Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 294 бұйрығының (2014 жылғы 30 желтоқсанда Нормативтiк құқықтық кесімдердi мемлекеттiк тіркеудің тізіліміне № 9817 болып енгізілген, «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында орналастырылған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспа басылымдарында ресми түрде жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы З.БАЙМОЛДИНА.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 наурыздағы №188 бұйрығымен бекiтiлген
Сот сараптамасы зерттеулерінің әдiстемелерiн әзiрлеу, байқаудан өткізу және енгiзу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы сот -сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына сәйкес әзірленді және сот сарапшылары әзірлейтін және қолданатын сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін (бұдан әрі - Әдістемелер) әзірлеудің, байқаудан өткізудің және енгізудің тәртібін айқындайды.
2. Әдістемелерді әзірлеу және енгізу мақсаты сот сараптамаларын жүргізудің сапасын арттыру және қылмыстық істерді тергеу және азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді сотта қарау барысында сарапшының алдына қойылған мәселелерді шешудің бірыңғай тәсілдерін жасау, сондай-ақ сот-сараптама қызметін ғылыми дамыту болып табылады.
3. Әзірленіп жатқан Әдістемелерді байқаудан өткізудің мақсаты эксперимент режимінде сот сараптамаларын жүргізу тәжірибесінде пайдалану үшін жарамдылығын растау болып табылады.
4. Әдістемелерді әзірлеу және енгізу міндеттері:
сот сараптамасы органдарының сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерлерінің қызметін ретке келтіру және жүйелеу;
сот сараптамаларын жүргізудің прогрессивті түрлерін, әдістерін, тәсілдерін және құралдарын іздеу;
сот сараптамарын жүргізудің сапасын арттыру болып табылады.
5. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері немесе сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдар Әдістемелердің әзірлеушілері (авторлары, құрастырушылары) болып табылады.
6. Осы Қағидада келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) арнаулы ғылыми білімдер – сот сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған, мазмұны ғылыми білімді құрайтын арнаулы білім саласы;
2)әдістеме – сот сараптамасының белгілі бір тегінің, түрінің мәніне жататын мән-жайларды анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын әдістер жүйесі;
3) әдістемені әзірлеу – тиісті заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді, оқу-әдістемелік, анықтамалық материалдар мен ғылыми жұмыстарды шығармашылық зерделеу негізінде теориялық сипаттағы материалдарды жүйелеу, сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізудің қолда бар тәжірибесін жинақтап қорыту;
4) әдістемелерді байқаудан өткізу – бұл, нәтижесінде ғылыми-практикалық әзірленімдердің сараптамалық тәжірибеде пайдаланылуының мүмкіндігі және қажеттілігі расталатын немесе теріске шығарылатын, олардың қағидалары мен тұжырымдарын эксперименттік материалдарда тексеру;
5) әдістемелерді енгізу – әзірленген және байқаудан өткізілген Әдістемелерді бекіту және сараптама қызметінде пайдалану;
6) әдістеменің төлқұжаты - Әдістеме туралы ақпараттан тұрады және осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді;
7) сот-сараптамалық зерттеу әдісі - сот сараптамасының нысанасына жататын мән-жайларды анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын қисындық және (немесе) құрал-саймандық операциялар (тәсілдер, әдістер) жүйесі.
2. Сот сараптамасы зерттеулерінің әдiстемелерiн
әзiрлеудің, байқаудан өткізудің шарттары мен тәртібі
7. Әдістемелерді әзірлеу туралы шешімді сот сараптамасы органының Ғылыми Кеңесі өз отырыстарында қабылдайды.
8. Сот сараптамасының органы, олар бойынша әдістемелері әзірленуі қажет сараптама түрлерін, орындау нысанын анықтайды, Әдістемелерді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын қалыптастырады, жұмыс тобының жетекшісін, жауапты орындаушыларды, мерзімдерін, сыртқы және ішкі рецензенттерді бекітеді және Әдістемені әзірлеу, верификациялау, байқаудан өткізу және енгізу жөніндегі іс-шараларды бекіту бойынша одан арғы рәсімдерді жүргізеді.
9. Әдістемелерді әзірлеу мен енгізу жоспары Сот сараптамасы органының кешенді жоспарына енгізіледі.
10. Аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері Әдістемелерді әзірлеу жөніндегі жұмысқа Сот сараптамасы органының ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарында көзделген мерзімде және көлемде қатысады.
11. Әдістемені әзірлеу кезінде әзірлеуші тиісті заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді, оқу-әдістемелік, анықтамалық материалдар мен ғылыми жұмыстарды зерделеу негізінде теориялық сипаттағы материалдарды жүйелейді, сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізудің қолда бар тәжірибесін жинақтап қорытады.
12. Әдістеменің құрылымы келесі элементтерден тұрады:
титулдық парағы;
төлқұжаты;
мазмұны;
кіріспе бөлімі;
негізгі бөлімі;
қорытынды бөлімі;
пайдаланған мағлұматтар көзі тізімі;
қосымшалар (қажет болған жағдайда).
13. Титулдық парақта Әділет министрлігі сот сараптамасы органының атауы, тақырыбы, әзірлеуші (құрастырушы) туралы мәліметтер, жұмыстың орындалған жері мен күні көрсетіледі.
14. Әдістемені әзірлеуші (құрастырушы) Әдістеме төлқұжатын осы Қағиданың 7-тармағына сәйкес толтырады.
15. Мазмұнында, жұмыстың мазмұндамасы барлық тарауларды, параграфтарды олар басталатын беттерін көрсете отырып белгілеу жолымен келтіріледі, мазмұндардың тақырыптары мәтіндегі тиісті тақырыптарды қайталайды, мазмұны жұмыстың бас жағына немесе соңына орналастырылады.
16. Кіріс бөлімінде қысқаша нысанда:
зерттеу тақырыбының өзектілігі;
зерттеудің тақырыбының практикалық маңыздылығы;
шешілетін ғылыми келелі мәселенің заманауи ахуалын бағалау;
зерттеудің мақсаты мен міндеттері, объектісі мен мәні тұжырымдалады;
зерттеу әдістері, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің қажетті шарттары көрсетіледі;
оларды пайдалану, міндетті шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелерді анықтау.
Кіріспе бөлімнің көлемі негізгі мәтін көлемінің 5-7% аспайды.
17. Негізгі бөлімнің тарауларында әдістеме мен қойылған міндеттерді шешу техникасы жан-жақты қарастырылады, алынған нәтижелер жүйелеп баяндалады. Негізгі бөлімнің мазмұны, зерттеу тақырыбын қисынды және дәйекті түрде аша отырып, оған дәлме-дәл сәйкес келеді.
18. Бөліктердің, бөлімдердің, тараулардың және параграфтардың тақырыптары нөмірленеді. Өз кезегінде, олар бір-бірімен белгілі бір оймен байланысқан, бірнеше сөйлемдерден тұратын азат жолдарға бөлінеді. Бөліктердің, бөлімдердің, тараулардың және параграфтардың тақырыптары қысқа, зерттеу объектісін немесе мәнін бейнелейтін түйін сөздері болады және мазмұнын барынша дәлме-дәл бейнелейді.
19. Қорытынды бөлімі, алынған нәтижелердің тізбектелген, қисынды дұрыс баяндалған және олардың кіріспе бөлімінде көрсетілген мақсаттар және міндеттермен байланысы болып табылады, жүргізілген жұмыстардың қисынымен ескерілген және негізгі бөлімде баяндалған ғылыми ақпараттың синтезі нысанында болады. Қорытынды бөлімнің көлемі негізгі мәтін көлемінің 5-7% аспауы тиіс.
Зертеудің соңғы нәтижелерінен оның ғылыми жаңалығы, теориялық маңыздылығы және практикалық құндылығы шығады.
20. Пайданылған фактілерге сілтеме жасаған кезде немесе басқа авторлардың жұмыстарынан дәйексөз келтіргенде, келтірілген материалдардың көздері көрсетіледі. Мәтіндер, графикалар, кестелер, карталар, фотосуреттер және т.б. түріндегі көмекші материалдар қосымшаға шығарылады.
21. Негізгі мәтіннің қосымшалармен байланысы «қосымшаны қараңыз...» деген сөзді пайдалана отырып, сілтеме жасау арқылы жүзеге асырылады, ол қысқартылып жазылады және жақшаға алынады. Әдістеменің көлемін есептеген кезде оның қосымшалары есепке алынбайды.
22. Жұмыс бір ойдан екінші ойға дәйекті түрде өтуді сипаттайтын ғылыми тілмен баяндалады. Әзірлеуші Әдістемені жазу кезінде айтылған сөздердің дәлдігі мен бір мағыналығын сақтауға, сөздердің көп мағыналы түсінігін болдырмауға ұмтылады.
23. Әзірлеуші әзірленген Әдістеменің жобасын Төлқұжатымен бірге байқаудан өткізуге жолдау үшін сот сараптамасы органына жібереді.
24. Байқаудан өткізу нәтижесі бойынша осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысанда сот-сараптамалық зерттеу әдістемесінің қорытындысы ресімделеді.
25. Қорытындыда әдістеменің өзектілігі, ол байқаудан өткізілген эксперименттік материал, растау немесе теріске шығару, оларды сарапшылық тәжірибеде пайдаланудың мүмкіндігі мен қажеттілігі көрсетіледі.
26. Байқаудан өткізу нәтижесі бойынша қорытынды әрі қарай жұмыс істеу үшін сот сараптамасы органына жолданады.
27. Байқаудан өтудің теріс нәтижесі болған жағдайда қорытынды тыңғылықтау үшін әзірлеушілерге (құрастырушыларға) қайта жолданады.
28. Тыңғылықтау аяқалған соң Әдістеме қайта байқаудан өткізуге жолдау үшін сот сараптамасы органына жіберіледі.
29. Тыңғылықтау рәсімі, байқаудан өткізуді жүргізіп жатқан барлық сарапшылардың нәтижелері сәйкес болғанға дейін (сот сараптамасының түріне байланысты мүмкін болатын қателіктер ескеріле отырып) қайталанады.
30. Байқаудан өткізу рәсімі аяқталған соң сот сараптамасы органы Әдістемені ішкі және сыртқы рецензиялауға жолдайды.
31. Әдістемені тиісті мамандық бойынша бас сот сарапшысы, тиісті мамандық бойынша сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адам, тиісті мамандық бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі бар ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы мен шетелдердің жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы рецензиялайды.
32. Рецензияда рецензияланатын әдістеменің алынған тұжырымдарының өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы көрініс табады.
33. Рецензия баспа түрінде ресімделеді және рецензент қол қояды, рецензенттің қолы ол жұмыс істейтін ұйымның мөрімен куәландырылады.
3. Әдістемені сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдардың әзірлеуі
34. Сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын Әдістеменің әзірлеушісі (құрастырушысы) әзірленген Әдістемені байқаудан өткізуге жолдау туралы жазбаша арызбен сот сараптамасы органына жүгінеді.
35. Сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдар әзірлеген Әдістемені байқаудан өткізу мен рецензиялаудың рәсіміне қойылатын талаптар сот-сараптамасы органдарының сот сарапшылары әзірлеген Әдістемені байқаудан өткізу мен рецензиялаудың рәсіміне қойылатын талаптармен бірдей.
4. Сот-сараптамалық зерттеу әдістемелерін ресімдеуге қойылатын талаптар
36. Әдістеме баспа тәсілімен компьютерді және принтерді пайдалана отырып ақ қағаз парағының бір бетінде орындалады.
Әдістемелер, мынандай параметрлер ескеріле отырып («WORD for WINDOWS» мәтіндік редакторын қолданып) ресімделеді:
1) сол жақ шеті – 2,5 см, оң жақ шеті – 1,5 см, колонтитулы – 2,0 см;
2) қаріп түрі – «Times New Roman» № 14 (қосымшаларда кіші өлшемдегі қаріптер пайдаланылуы мүмкін, бірақ № 10 кем емес);
3) жоларалық қашықтық – бір есе;
4) азат жолдық бос жер (бірінші жолдың бос жері) - 1,25 см.
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндері анық тұжырымдалған және бірыңғай қаріптермен, шимайсыз және түзетулерсіз, орфографиялық және грамматикалық қателерсіз басылған болуы тиіс.
37. Жұмыстың кіріспе және қорытынды бөлімдері айрықша бөлініп тұрады.
Басылған мәтіннің және безендірулерді, кестелерді рәсімдеудің, компьютерден басып шығарулардың сапасы айқын басып шығару талаптарына сәйкес болады.
38. Әдістемені басып шығару кезінде біркелкі тығыздықты, бүкіл жұмыс бойынша бейнелердің керағарлығы мен айқындығын сақтау қажет.
39. Жұмыстың басып шығарылған мәтініне жекелеген сөздерді, формулаларды, белгілерді тек қана қара сиямен немесе қара тушьпен кірістіріп жазуға жол беріледі, бұл ретте кірістіріліп жазылған мәтіннің тығыздығы негізгі бейнелердің тығыздығына барынша жақындатылған болады.
40. Жұмыстағы тектер, мекемелердің, ұйымдардың, фирмалардың атаулары, бұйымдардың атаулары және басқа да жалқы есімдер түпнұсқа тілінде келтіріледі.
41. Жұмыстың құрылымдық элементтерінің атаулары: «Мазмұны», «Белгiлер мен қысқартулар», «Кіріспе бөлім», «Қорытынды бөлім», «Пайдаланылған мағлұматтар көзі тізімі» жұмыстың құрылымдық элементтерінің тақырыптары болып табылады. «Негізгі бөлім» құрылымдық элементі жазылмайды, оның орнына негізгі бөлімнің тарауының атауы жазылады.
Құрылымдық элементтердің тақырыптары азат жолдық бос жерден баспа әріптерімен және соңында нүкте қойылмай, асыты сызылмай басылады.
Тақырыптар жұмыстың негізгі бөлігінің бөлімдерінің, кіші бөлімдерінің мазмұндарын анық және қысқаша бейнелейді.
Егер тақырыпта бірнеше сөйлем болса, олар нүкте арқылы бөлінеді. Тақырыптағы сөздерді тасымалдауға жол берілмейді.
42. Әдістеменің беттерін нөмірлеу.
Жұмыстың беттерін барлық мәтін бойынша өтпелі нөмірлеуді сақтай отырып, араб цифрларымен нөмірлеу қажет. Бет нөмірі парақтың жоғары бөлігінің ортасына қойылады.
Жеке парақтарда орналасқан безендірулер мен кестелер және компьютерден басып шығарылған парақтар беттердің жалпы нөмірлеріне қосылады.
43. Бөлімдер мен кіші бөлімдерді, тармақтар мен тармақшаларды араб цифрларымен нөмірлеу және азат жолдан жазу керек.
Тармақтардың әрбір бөлім немесе кіші бөлім шегінде реттік нөмірі болады. Кіші бөлімнің немесе тармақтың нөмірі, нүкте арқылы бөлінген бөлімнің нөмірі мен кіші бөлімнің немесе тармақтың реттік нөмірінен тұрады.
Мысалы: - 1.1, 1.2 немесе 1.1.1, 1.1.2, 1.1.3 және т.б.
Кіші бөлімнің нөмірі, нүкте арқылы бөлінген бөлімнің, кіші бөлімнің, тармақтың нөмірлерінен немесе кіші бөлімнің реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: - 1.1.1.1, 1.1.1.2, 1.1.1.3 және т.б.
Егер бөлімнің немесе кіші бөлімнің бір ғана тармағы немесе бір тармақшасы болса, онда олар нөмірленбейді. Әдістеменің әрбір бөлімін жаңа парақтан (беттен) бастау қажет. Бір бөлімнің ішіндегі кіші бөлімдербір-бірінен мәтіннен кейін екі қатар шегіндіріле отырып бөлінеді.
44. Жұмыстағы безендірулерді (сызулар, кестелер, сызбалар, диаграммалар, фототүсірілімдер) тікелей, олар бірінші рет ескертілген мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру қажет.
Барлық безендірулерге жұмыста сілтеме жасалады.
Безендірулердің атаулары болады, олар безендірулердің үстінде, қатардың ортасында орналастырылады. Қажет болған жағдайда безендірулердің астына азат жолдан түсіндірме мәліметтер (сурет асты мәтін) орналастырылады.
Безендірулер «Сурет» деген сөзбен белгіленеді, ол түсіндірме мәліметтерден кейін қатардың ортасында орналастырылады.
Безендірулер араб цифрларымен өтпелі нөмірлермен нөмірлеу қажет. Безендірулерді бөлімдердің шегінде нөмірлеуге жол беріледі. Бұл жағдайда безендірудің нөмірі нүкте арқылы бөлінген бөлімнің нөмірі мен безендірудің реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: «Сурет 1.2».
Егер жұмыста бір ғана безендіру болса, онда оны нөмірлеу қажет емес және оның астына «сурет» деген сөз жазылмайды.
Безендірулерді бір бетте орындау қажет. Егер безендірулер бір бетке сыймаса, онда оны басқа беттерге ауыстырады, бұл ретте безендірудің атауын бірінші бетке, ал түсіндірме мәліметтерін – әрбір бетке орналастырады және олардың астына «Сурет... парақ...» деп көрсетеді.
45. Кестелер жақсы көрнекілік және көрсеткіштерді салыструдың ыңғайлығы үшін пайдаланылады. Кестенің атауы оның мазмұнын көрсетеді. Атауын кестенің үстінде азат жолдан «1 кесте» деген сөзден кейін орналастыру қажет.
Сандық материал кесте түрінде ресімделеді.
Кестені жұмыста тікелей, олар бірінші рет ескертілген мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру қажет.
Кестенің бөлігін тап сол немесе басқа бетке ауыстырған кезде атауын кестенің тек бірінші бөлігінің үстіне сол жағына орналастырады, ал басқа бөліктерінің үстіне «жалғасы» деген сөз жазылады және кестенің нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы».
Егер жұмыста бір ғана кесте болса, онда ол «1 кесте» деген сөзбен белгіленеді. Жұмыста барлық кестелерге сілтеме жасалады. Сілтеме жасаған кезде нөмірін көрсете отырып «кесте» деп жазу керек.
Кестелерді, қосымшалардың кестелерін қоспағанда, бүкіл жұмыс шегінде реттік нөмірлермен араб цифрлары арқылы нөмірлеу қажет. Нөмірлерді, кестелердің атауларының үстінде сол жақ жоғары бөлігінде «кесте» деген сөзден кейін орналастыру қажет.
Қосымшаның әрбір кестесін араб цифрлары арқылы жеке нөмірлермен, санның алдына қосымшаның белгісін қоса отырып нөмірлеу қажет.
Кестенің бағандары мен қатарларын кіші әріппен, ал бағандардың тақырыпшаларын, егер олар тақырыппен бір сөйлемді құраса - баспа жазумен немесе олардың жеке дара мағынасы болса – жазба жазумен жазу қажет. Кестенің тақырыптары мен тақырыпшаларының соңына нүкте қойылмайды. Бағандардың тақырыптары мен тақырыпшалары жекеше түрінде көрсетіледі.
Кестеде мәтіндегіден кіші қаріп өлшемін қолдануға жол беріледі.
46. Жұмыста, ескертулерді мәтіннің, кестенің немесе безендірулердің мазмұнын түсіндіру қажет болған жағдайда орналастыру керек. Ескертулерді тікелей, олар қатысты тармақтан, тармақшадан, кестеден, безендірулерден кейін орналастырады.
«Ескерту» деген сөзді жазба жазумен азат жолдан, сиректете теріп және астын сызбай басу керек.
Егер ескерту біреу болса, онда «ескерту» деген сөзден кейін сызықша қойылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулерді араб цифрлары арқылы реттік нөмірмен, нүкте қоймай нөмірлеу қажет.
47. Қосымшаларды Әдістеменің жалғасы ретінде оның келесі парақтарында ресімдеу қажет.
Әдістеменің мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме жасалады. Қосымшалар, мәтінде оларға келтірілген сілтемелердің реті бойынша орналастырылады.
Әрбір қосымшаны, жоғарыдағы оң жақтағы қатарда «Қосымша» деген сөзді оның таңбасымен көрсете отырып жаңа қатардан бастау қажет.
Қосымшаның тақырыбы болады, ол парақтың ортасында жеке қатардан жазбаша жазумен жазылады.
Қосымшаларды орыс әліппесінің А-дан басталатын бас әрпімен белгілеуге болады.
5. Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемесін енгізу
Әзірленген Әдістеменің нәтижелерінің тиімділігін және маңыздылығын бағалау үшін сот сараптамасы органы ұсынылған әдістемені сот сараптамасы органының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің қарауына береді.
49. Сот сараптамасы органының Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынылған Әдістемені қарау нәтижесі бойынша келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
қайта пысықтауға қайтарады;
сот сараптамасы органының Ғылыми кеңесінің қарауына ұсыныс жасайды.
50. Сот сараптамасы органының Ғылыми кеңесі ұсынылған Әдістемені қарау нәтижесі бойынша келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
қайта пысықтауға қайтару туралы;
Сот-сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы.
51. Сот сараптамасы органының Ғылыми кеңесі бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін, Әдістемені сот сараптамасының белгілі бір түрін (түрлерін) жүргізу практикасына енгізу ұсынылады, ал ол туралы мәлімет Қазақстан Республикасының сот-сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізіліміне бес жұмыс күні ішінде енгізіледі.
Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және
енгізу ережесіне 1-қосымша
нысан
ӘДІСТЕМЕНІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
1. Әдістеменің атауы
2. Әдістеме мамандығының шифры
3. Әдістеменің авторы (лары) (құрастырушы(лары)сы) туралы ақпарат
4. Әдістеменің мәні
4.1. Әдістеме арқылы шешілетін міндеттер
4.2. Зерттеу объектлері
4.3. Зерттеу әдістемесі
4.4. Әдістеменің қысқаша кезең-кезеңдік сипаттамасы
5. Әдістемені ҚР ӘМ ССО Ғылыми кеңесінің мақұлдау күні «__»_____ 20___ ж. №____ хаттама
6. Әдістеменің төлқұжатын құрастырған адам туралы ақпарат
Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу ережесіне 2-қосымша
нысан
Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу
нәтижесі бойынша қорытынды
«________________________________________________________________» әзірленген
(құрастырылған)_____________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Ұсынылған әдістеменің өзектілігі ________________________________________________
____________________________________________________________________________
Ғылымижаңалығы ____________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Пайдаланылған әдістердің тізбесі _______________________________________________
Пайдаланылған көздердің тізбесі ________________________________________________
Пайдаланылған құралдардың тізбесі _____________________________________________
Алынған тұжырымдар __________________________________________________________
Байқауды кім өткізді
(лауазымы, қолы, күні)
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 9 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10660 болып енгізілді.